Басты ақпарат

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ



1598072_859861514066148_17701608498214223_o---копия

«Ақылды қаланың» ең алдымен заманауи инфрақұрылымы болуы керек. Елорданың жаңа интеллектуалдық көлік жүйесін жүзеге асыру Астана әкімдігінің кезекті аппараттық кеңесінде талқыланған басты мәселелердің бірі болды.

Қозғалыс ағынының қарқын­дылығы мен жылдамдығының орташа көрсеткіштерінің аздап артқанына қарамастан, жолдағы кептелістер өзегін жоғалтпай отыр. Еске сала кетейік, жаңа көлік жүйесі жобасының бірінші кезегі 42 қиылысты қамтыды. Ал, екінші кезегінде қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін іске қосу көзделген. Қазірдің өзінде елорданың автобус парктері жаңаланды. Оған қоса, бұған дейін де айтылғандай, Астана жақын уақытта заманауи 200 автобуспен қамтамасыз етіледі.
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің айтуынша, әуелі жолаушылар тасымалының сапасы жақсартылуы тиіс. Қазіргі уақытта бұл бағыт тұрғындардың дәйекті арыз-шағымдары көп түсетін салалардың бірі. Қоғамдық көлікті арнайы тексеру барысында (43 автобус қамтылған) қызмет көрсету, жолаушылармен қарым-қатынас, санитарлық жағдай, жол жүру ережесін бұзу, бағдарлар қозғалысының жиілігі және т.б. бағыттарда жүргізушілер мен кондукторлар тарапынан бірқатар кемшіліктер анықталды. Тиісті қызметтерге елорда тұрғындарының сын-ескертпелерін ескере отырып, кемшіліктерді жою тапсырылды. Жолаушылар тасымалы астаналық қызмет көрсетудің жоғары талаптарына сай болуы тиіс.
Елорда басшысы сонымен қатар, Астананың инвестициялық тартымдылығын дамыту мен бизнес­ке қолдау көрсетуге мүдделі ұйым ретінде ең алдымен Инвесторларға қолдау көрсету орталығының жұмысын күшейтуге назар аударды. Қала әкімдігі Астанаға инвестиция тарту үшін барлық жағдайды жасауда. Әкімдіктің қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыруы және әкімшілік кедергілерді азайту – бұл жұмыстағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Сонымен қатар, кеңесте қалалықтардың алдағы мерекелерге дайындығы мен қысқы демалысын ұйымдастыру мәселелері де қозғалды. Қысқы Астана мұз қалашықтары, жаппай коньки тебу, желтоқсандағы мерекелерге арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар сияқты алуан түрлі бағдарламалар дайындауда.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button