Мәдениет

Иорданияда – ҚАЗАҚ КИНОСЫ



Иордания Хашимит Корольдігінің астанасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында қазақстандық кино күндері өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Иорданиядағы елшілігі мен корольдіктің кинематография жөніндегі комиссиясы «Қазақфильм» АҚ-пен бірлесіп ұйымдастырды. Кинокөрсетілім Амманның көне аудандарының бірінде ашық аспан астында орналасқан корольдіктің кинематография жөніндегі комиссияның аудиовизуалды өнер орталығы – «Кино үйінде» өтті.

Қазақстан елшісі Айдарбек Жұматов қонақтарды қарсы алып, оларға қазақстандық кинематографқа шынайы қызығушылық танытқандары үшін алғысын білдірді.

Иорданиялық көрермендерге «Қазақфильм» киностудиясы ұсынған екі фильм көрсетілді. Іс-шараның ашылуы көрермендердің жоғары бағасына ие болған режиссер Нұргелді Садығұлов­тың «Балуан Шолақ» көркем фильмінен басталды. Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» кинокартинасы да көрермен назарына ұсынылды. Фильмдер ағылшын тілінде субтитрі бар түпнұсқа дыбыста көрсетілді. Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, БАҚ, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен Иордания астанасының тұрғындары қатысты.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button