Ел тынысы

Кәсіп жүргізуші субъектілердің өрт қауіпсіздігі қандай?



Астана қаласының коммуникациялар қызметінде кәсіп жүргізуші субъектілердің өрт қауіпсіздігі туралы Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мурзагельдиев Мадияр Айдосұлының қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік органдарға «таза парақтан реттеуді» енгізуді тапсырды. Қабылданған заң шеңберінде объективті және субъективті өлшемшарттарды қоса алғанда, салалық тәуекелдер матрицасы әзірленді, бизнеске қойылатын 884 талаптардың сапалы массиві және жаңа реттеуші саясаттың базалық талаптарына сәйкес келетін тексеру парақтары, оның ішінде объектілерді профилактикалық бақылау тізімдеріне іріктеу үшін қолданылатын ақпарат көздері қалыптастырылды.

Мәселен, 2023 жылдың басынан бастап тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібі объектіге әкімшілік ықпалынсыз барумен профилактикалық бақылауға көшті. Жаңа мемлекеттік өрт бақылауының нәтижелері жоспардан тыс тексерулердің нәтижелерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін болдырмайды.

Бұдан басқа, 2023 жылдан бастап ашық режимде кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі жұмыс істейді. Ол мемлекеттік органдарды реттеуші актілердің жаңа реттеуші саясатқа сәйкестігі тұрғысынан оларға тұрақты талдау жүргізуге міндеттейді. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап мемлекеттік инспекторлар объектінің жұмысын  тоқтата тұру секілді жедел ден қою шарасын қабылдауға міндетті болады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2023 жылы тәуекел дәрежесі жоғары 866 нысанды тексеруді жоспарлап, оның ішінде 604 нысан қамтылды. Бұл 69,7,% құрайды.

2024 жылдың 1 жартыжылдығына 391 нысанды  тексеру жоспарланған.

Тәуекел дәрежесі жоғары объектілерді профилактикалық бақылау жүргізуден босатудың ең көп тараған себептері: шағын (микро) кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу, жаңа реттеуші саясатқа сәйкес субъективті критерийлер, өрт қауіпсіздігі саласындағы аудиттің оң қорытындысының болуы болып табылады. 2023 жылдың өткен кезеңінде аумақтық бөлімшелер жоспардан тыс 374 тексеру жүргізді, оның ішінде нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша 113. Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін 5976 бұзушылық анықталды.

Өрттің шығу қаупін азайту, халықтың қауіпсіздігін, материалдық құралдардың сақталуын арттыру, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі үшін жеке және ұжымдық жауапкершілікке қоғамдық пікір мен психологиялық көзқарастарды қалыптастыру мақсатында Департамент ағымдағы жылы халық арасында кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button