Елорда тынысы

Кәсіпкерлер «көлеңкеден» қалай шығады?



Көптеген кәсіпкердің «көлеңкеден» шығуына ықпал ететін бөлшек салық мөлшерлемесінің төмендеуі жақында астаналық Кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланды.

Жуырда бөлшек салықтың арнайы режимін қолдануды көздейтін қызмет түрлерінің тізімі 190-нан 364 қызмет түріне дейін ұлғайды. Өткен жылы ШОБ субъектілерін қолдау үшін елордалық мәслихат депутаттары өз шешімімен бұл мөлшерлемені 4-тен 3 пайызға дейін төмендетті. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Құрамына мәслихат депутаттары, Мемлекеттік кірістер департаменті мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдерін қосатын жұмыс тобын құруды ұсындым. Әйтпесе біз қалалық бюджетке ақшаның аз түсуіне тап болуымыз мүмкін. Барлық ұсынысты Үкіметтің қарауына енгіземіз. Әріптестерімізге астананың 5 ауданының әрқайсысында кәсіпкерлерді қолдаудың шағын орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсындым, бірқатар қажетті қызметтерді, салық декларациялары мен есептерін тапсыру бойынша консультациялар алады. Сонымен қатар көптеген қызметтің цифрлы форматқа көшуін жеделдетуді және кәсіпкерлермен ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуді ұсындым» деп жазды Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button