Елорда тынысы

Кәсіпкерлермен кездесті



Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді аудан аумағындағы кәсіпкерлерді қабылдады.

– Кәсіпкерлермен кездесу осыдан кейін де жалғасын табады. Яғни әр аптаның сәрсенбі күні ұйымдастырылады. Аудан әкімінің қабылдауына кәсіпкерлермен қоса, инвесторлар да келді. Сондай-ақ елордалық басқармалар, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері де болды. Кездесудің мақсаты – аудан төңірегіндегі кәсіпкерлер мәселелерін шешу, – деді Байқоңыр ауданы кәсіпкерлерді қолдау бөлімінің басшысы Райымбек Айтжан.

Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді кездесуде 7 ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъекті өкілдерінің мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын ұсынды. Олардың бірі кәсіпкерлік жобаларының техникалық мәселелерінің оң шешім табуына жергілікті әкімдіктің ықпал етуін сұраса, бірі кәсіпкерлікке арналған жер аумағына қатысты даулы мәселелердің төрелігін айтуды сұрады.

Шыны талшықты құбырларды шығару және сатумен айналысатын серіктестік өкілі кәсіпке ғана емес, тұрғындар қозғалысы үшін де кедергі келтіріп тұрған жол мәселесін көтерді.

– Мен әкім қабылдауында Жетіген, Х.Досмұхамедұлы, А.Пушкин көшелерінде көлік қозғалысы көп екенін айттым. Бұл жолдармен жүк көліктері де, басқа қоғамдық және жеңіл көліктер де қатынайды. Толассыз көлік қозғалысы кептелістер туғызып, жолаушылардың ұзақ уақытын алады. Мәселені шешу үшін сол жерде жолды тарылтып, кедергі келтіріп тұрған ескі жылыту құбырларын кесу немесе жер астымен жүргізу мәселесін ұсындым. Байқоңыр ауданы әкімі ескі жылыту құбырларын жер астымен жүргізу қымбатқа түсетінін, оған әзірге мүмкіндік жоқ екенін айтты. Алайда бұл мәселе күн тәртібі бойынша шешілуі тиіс мәселелердің қатарына енді, – деді «Amitech Astana» ЖШС-тің коммерциялық директоры Арман Әубәкіров.

Бұдан кейін де көкейтесті мәселелерді көтерген кәсіпкерлерге аудан әкімі мен басқарма өкілдері оңтайлы шешімдерін ұсынды.

Салтанат Мұратқызы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button