Мәдениет

Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі

Астана қаласы әкімдігінің ұйымдас­т­ыруымен қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» мемлекеттік мекемесі мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызының семинар-дәрістерін Жоғары көлік және коммуникация колледжі мен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында өткізді. 

Мұндағы мақсат – мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен күнделікті өмірдегі қолданысын өркендету, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ету.

Кездесу барысында спикер күнделікті өмірде қазақ тілінде сөйлесу мәдениетін жоғары дәрежеге жеткізу, қастерлі тіліміздің қазыналарын көздің қарашығындай сақтау туралы әңгіме өрбітіп, отансүйгіштік қасиетпен қатар туған Отанды құрметтеу мемлекеттік тіл – қазақ тілінің құндылықтарын сіңіріп, берік сақтаумен байланысты екенін атап өтті.

Алдағы уақытта да қоғамға қажет мұндай маңызды кездесулер аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдарда, ведомстволық мекемелер мен ұйымдарда, кәсіп­орындарда, мекемелерде өтетін болады.

Айжан СЕРІКҚЫЗЫ, Астана қаласы әкімдігі «Руханият» мемлекеттік

мекемесі баспасөз қыз­метінің жетекшісі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button