Басты ақпаратҚала тіршілігіМәдениетРуханият

КАЛЛИГРАФИЯ КӨРМЕСІ



Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен каллиграфия көрмесі ашылды.

Көрмеге 1986-2016 жылдары халықаралық байқауларда көрсетілген ілгеріде айтқан орталықтың 30-дан аса каллиграфиялық жұмыстары қойылды. Онда Құран мен хадистерден кұралған сөздер баяндалады. Айтулы шараның ашылуында орталықтың бас директоры Эрен Халит каллиграфия өнеріне қысқаша тоқталып өтті.

– 1986 жылдан бастап каллиграфия байқауына 1000-нан астам әлемнің әр түкпірінен азаматтар қатысты. Бүгін сіздерге сол са­йыста жеңіске жеткен жазуларды ұсындық. «Меккеден түскен Құран Ыстамбулда жазылды» деген көнеден келе жатқан тәмсіл бар. Мақсатымыз – Қазақстаннан барған жазулар мұрасын жаңғыр­ту. Болашақта осы елден де каллиграфтар шығады деп ойлаймыз, – деп ұлттық кітапхана директорына орта ғасыр туралы жазылған үлкен кітапты сыйға тартты.

Одан кейін сөз алған Халықаралық Түрк академиясының президенті Дархан Қыдырәлі: «Хұсни хат өнері – қазақ жерінде ертеден кеңінен тараған өнер. Оған куә – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жазба ескерткіштер. Бұрынғы бабалар бір қолымен найза, екінші қолымен қалам ұстаған» деп қазақ жеріндегі каллиграфия тарихынан сыр шертті.

Қысқасы, көрмеден әдемі әсер алдық. Қасиетті кітаптан алынған жазулар жүрегіңізге сәуле құяды. Нанбасаңыз, барып көріңіз!

Азамат Есенжол




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button