Басты ақпаратҚала мен Сала

Кел, асық ойнайық!



Астананың 25 жылдығына орай Сарыарқа, Алматы және Есіл ауданында асық алаңы ашылды. Бұған Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров, «Асық ­ойыны» федерациясының жетекшілері және қала тұрғындары қатысты.

Іс-шараға қатысқан қала тұрғындары асық ойнап жарыс­ты әрі үздіктерге асық сыйға берілді. Бұл бастаманың мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына отаншылдық сезімді сіңіру.

Шын мәнінде, асық ойыны жастайынан баланың ой-қабілетін шыңдап, епті, ширақ, ұстамды, сергек болуға баулиды. Сол себепті асық ойынын жан-жақты дәріптеп, дамыту – маңызды міндеттің бірі.

Асық алаңдарын Алматы ауданындағы Студенттік саябақта және Есіл ауданындағы «ЭКСПО» аумағынан табуға болады. Алдағы уақытта дәл осындай алаңдар елорданың басқа аудандары мен елдің өзге өңірлерінде ашылады.

Алаңдардың басты ерекше­лігі – асық тарихы және ойын түрлері мен ережелері туралы мағлұматты арнайы енгізілген QR-код арқылы білуге болады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button