Қала мен СалаҚала тіршілігі

КЕМЕЛЕР ТҮСТІ ЕСІЛГЕ



Бүгін Астанада кемелермен серуендеу маусымы ашылады. Бағыт бұрынғыдай, яғни кеме «Сарыарқа» көпірінен бастап «Ақорда» резиденциясына дейін жүреді. Осы аралықтағы тоғыз шақырымды теплоход шамамен  50 минуттың ішінде жүріп өтеді.

Кемелер сағат 12.00-ден бастап 21.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ағымдағы жылы қалаға туристер көп келетіндіктен жолаушыларға арналған алты кеме мен қосымша екі катер қызмет көрсетеді.546

Су көліктері құбылмалы ауа райы кезінде және қатты жел болғанда жүзуді тоқтататынын айта кетейік. Барлық қауіпсіздік шаралары сақталады: айлақта жолау­шыларды мінуі мен түсуін бақылайтын инспекторлар кезекшілік етіп, кемедегі тәртіпті капитан мен екі моторист-механик бақылайды. Сонымен қатар елорданың құтқару қызметі де жұмыс істейді.Кемелерде құтқару дөңгелектері бар, сұраған жолау­шыларға құтқару кеудешелері де беріледі. Кемемен серуендеу маусымы қазан айына дейін жалғасады.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button