Мәдениет

Киіз үй құрылымымен танысты

Ұлттық музейде «Әсем­дікке құштарлық» жобасы аясында «Қазақ­тың қара шаңырағы – киіз үй» тақырыбында сабақ өтті.

Киіз үйдің сән-салтанатын, әдемілік пен әсемдіктің үйлесімін таныту арқылы балалардың эстетикалық талғамын ояту мақсатында ұйымдастырылған сабаққа елордадағы №73 және 83 мектеп-лицейлерінің оқушылары қатысты. Сабақ барысында көшпенділер өркениетінің озық үлгісі болған қазақтың қасиетті киіз үйінің ертеден бергі тарихы баяндалып, құрылымы, ішкі және сыртқы безендірілуі жан-жақты түсіндірілді. Оқушылар киіз үйге қатысты ақпарат ала отырып, әртүрлі киіз үй макетін тамашалап, түрлі тапсырма орындады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button