Әлеумет

Көлік инфрақұрылымы – қаланың күретамыры



Жолаушылар тасымалы – қашанда елорданың экономикалық және қоғамдық өмірінің маңызды саласы. Көлік инфрақұрылымы бүгінде айтарлықтай өркендеп, дамып келеді. Тәуелсіздік шежіресімен бірге үлкен асуларды еңсерді. Заман ағымына қарай көлік саласында көптеген өзгеріс бар. Қазір халыққа қызмет көрсету сапасы анағұрлым жақсарған. Жолаушылар және жүк тасымалдау парктері жаңа техникалармен толығып, қызмет көрсету деңгейі де едәуір артқан. Олардың көпшілігі мемлекеттің қолдауы арқасында жүзеге асуда.

Қоғамдық көлік үлесі қандай?

Астанада қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту мақсатында кешенді және жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қала әкімдігі тарапынан елордадағы көлік кешенін, жылжымалы құрамды жаңарту және автобустардың аралық ұзақтығын қысқарту жолында көптеген жұмыс атқарылды.

– Бүгінде қала тұрғындарының жартысынан көбі қоғамдық көлікті пайдаланады. Елордада 6 автобус паркі бар. Қала бо­йынша 95 бағыттан тұратын 1357 қоғамдық көлік қатынайды. Елорданың автопаркін жаңарту бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр. Биыл 289 жаңа қоғамдық көлік жеткізілді. Қоршаған ортаның ластануын азайту үшін электробустар сатып алынды. 6 автопарктегі 1357 автобус­тың 120-сы – электробус, 20-сы – гибридті автобус (электр және дизель), 1217-сі – дизельді автобус, едәуір бөлігі Еуро-6 стандартына сәйкес келеді. Қалалық тасымалдауды төмен қабатты қауіпсіз автобустар жүзеге асырады. 2017 жылдан бастап заманауи автобус сатып алынды, қоғамдық көліктер 85 пайызға жаңарды, – дейді «City Transportation Systems» ЖШС көлікті үйлестіру департаментінің директоры Мәди Сарбасов.

Көлік кешенін үнемі жаңғыр­ту үздіксіз жүріп жатыр. CTS мамандары жаңа маршруттарды іске қосу, кестелер санын ұлғайту, жылжымалы құрамды ауыстыру арқылы қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін 8 жаңа бағыт іске қосылса, жыл басынан бастап жұмыс күні 74 кестеге және демалыс күні 52 кестеге ұлғайтылды.

Биыл 289 жаңа қоғамдық көлік жеткізілді. Қоршаған ортаның ластануын азайту үшін электробустар сатып алынды. 6 автопарктегі 1357 автобустың 120-сы – электробус, 20-сы – гибридті автобус (электр және дизель), 1217-сі – дизельді автобус, едәуір бөлігі Еуро-6 стандартына сәйкес ­келеді

Қолданыстағы маршруттар қозғалысының схемаларын оңтайландыру жүргізілді, ондаған маршруттың кестелер саны ұлғайды. Қаланың қолданыстағы маршруттар желісі негізгі магистралдық көшелерді, тұрғын алаптарды қамтиды және елорда халқының басым бөлігіне қоғамдық көлік қызметін көрсетеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық көліктің барлығы жолақы төлеудің электронды жүйесіне көшті.

Жолақы төлеудің жаңа жүйесі

2023 жылдың қыркүйегінен бастап жолаушыларға, сондай-ақ елорда қонақтарына ыңғайлы болу үшін жолақы төлеудің электронды жүйесін жаңғырту іске асты. Жаңа жүйе онлайн режимде жұмыс істейді.

Жолақы төлеудің жаңа ­электронды жүйесі онлайн режимде мынадай мүмкін­діктерге жол ашады:

* Тranscard көлік карталарын жедел толықтыруды іске асыру және екінші деңгейдегі банктер мен төлем ұйымдарының барлық қолжетімді сервисінде қолданыстағы тарифтер бойынша жолақыны онлайн режимде төлеу (ағымдағы жылдың қазан айында автобустарды жаңа жабдықпен жарақтандырып, кейіннен алдыңғы жүйеде пайдаланылатын көлік карталарының жаңа жүйеде тіркелуіне қарай қолжетімді болуы);

* екінші деңгейдегі банк­тердің банк карталары арқылы жолақы төлеу тәсілдерін кеңейту, NFC төлемі (смартфон, смарт сағат), QR-код пен Bluetooth технологиясы;

* жүйенің барлық операция­сын онлайн режимде мониторингілеу және төлемдердің барлық түрі бойынша бөле отырып, жасалатын валидацияларды ұсынылатын жүйеде көрсету және нақты уақыт режимінде дербес есепке алуды, жалпы жолаушылар ағынын жүзеге асыру мүмкіндігі;

* мобильді қосымшаларда белсенді халық үшін және азаматтардың жеңілдік берілген санаты, сондай-ақ оқу орындарының оқушылары үшін виртуалды картаны енгізуге мүмкіндік береді.

Әзірге қолданыстағы көлік карталарын ауыстыру көзделмейді, жаңа жүйеге өту кезең-­кезеңімен жүргізіледі.

Avtobys – мобильді қозғалыс

Avtobys – бұл жолаушыларға мобильді қосымша немесе көлік картасы арқылы қоғамдық көлікте жолақы төлеудің ыңғайлы және сенімді әдісін ұсынатын инновациялық қызмет. Қызмет пайдаланушылар үшін жайлылық пен тиімділікті қамтамасыз етеді, күту және төлеу уақытын қысқартады. Мобильді қосымша пайдаланушылар үшін ыңғайлы болғандықтан, бір рет басу арқылы әртүрлі төлем жасай алады.

Avtobys қоғамдық көлікте жол­ақы төлеудің көптеген ыңғайлы әдісін ұсынады. Bluetooth, NFC, QR-код және банк карталары сияқты инновация арналары, соның ішінде Apple Pay, Samsung Pay, смарт сағатпен төлем жасау және т. б. төлемдерді тез әрі қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ трекингті немесе мемлекеттік көлік нөмірін пайдаланып, сапарға ақы төлеуге болады.

Қосымшаның балансын QIWI, Kassa24 төлем терминалы, электронды әмиян, интернет-банкинг арқылы толтыруға болады. Қолданбада Avtobys әмиянынан көлік картасына, сондай-ақ басқа пайдаланушылардың Avtobys әмияны мен көлік картасына қаражатты жылдам аудару мүмкіндігі бар. Саяхат пен жолаушылар шоты туралы барлық ақпарат «бұлтта» сақталады. Жүйенің жоғары жылдамдығы лезде толтыруға және төлеуге кепіл болмақ.

Астанада Avtobys жүйесі арқылы тәулігіне 200000-ға жуық билет төленеді. Avtobys қосымшасы арқылы жол жүру ақысының ТОП-3 түрі бар. Олар – QR-код – 40 пайыз, NFC – 26 па­йыз, Bluetooth – 16 пайыз. Билеттер саны бойынша ТОП-3 бағыт – №15, №32 және №61 бағдар

Астанада жоба ағымдағы жылдың тамыз айында басталды. Жүйе барлық қалалық автобусқа кезең-кезеңімен енгізілуде, қазір оған көлік құралдарының 60 пайыздан астамы қосылған. Келесі жылдың басында жүйе­ге қаланың барлық автобусы қосылады.

Астанада Avtobys жүйесі арқылы тәулігіне 200000-ға жуық билет төленеді. Avtobys қосымшасы арқылы жол жүру ақысының ТОП-3 түрі бар. Олар – QR-код – 40 пайыз, NFC – 26 пайыз, Bluetooth – 16 пайыз. Билеттер саны бойынша ТОП-3 бағыт – №15, №32 және №61 бағдар.

Бүгін Avtobys Қазақстанның 14 қаласында – Астана, Атырау, Ақтөбе, Орал, Бейнеу, Хромтау, Жезқазған, Павлодар, Семей, Екібастұз, Ақсу, Қонаев, Ұзынағаш және Аягөзде енгізілді.

Жаңа жүйе деректерді талдау­дың озық технологияларымен жабдықталған: Big Data Analytics жолаушылар ағыны туралы нақты және ашық статистиканы алуға мүмкіндік береді. Әкімдік пен тасымалдаушылар төлемнің кез келген параметрі мен әдісі бойынша онлайн-статистикаға қол жеткізе алады, маршруттар бойынша трафикті бағалай алады, автобустардың кестесі мен маршруттарын қадағалай алады. Осы мәліметтер бойынша қоғамдық көлік ресурсын нақты уақыт режимінде басқаруға болады. Сонымен қатар талдау әкімдікке қоғамдық көліктің жұмысы туралы нақты және сенімді деректерге сүйене отырып, тасымалдаушыларға негізделген субсидияларды төлеуге мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік бюджетті тиімді пайдалануға ықпал етеді және ұзақ мерзімді перспективада қоғамдық көлік жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Avtobys мобильді қосымшасын Google Play, App Store, App Gallery арқылы жүктеуге болады. Жасалып жатқан іс-шаралар жылжымалы құрамның қазіргі тапшылығын азайтуға және маршруттағы кестелер санын көбейтуге оң әсерін тигізіп, автобустардың жүру аралығын қысқартуға әкеледі. Сондай-ақ инвесторлар автопарктерге атмосфераны зиянды шығарындылармен ластамай, үнемді әрі экология тұрғысынан таза электробустар сатып алады. Бұл әсіресе қалалық жағдайда маңызды.

«Ақылды жобалар» – қолайлы қозғалыс кепілі

Қиылыста диагональді ауысуды енгізудің нәтижесінде көлік-жаяу жүргінші қақтығысы мәселесі шешіліп, бұл жаяу жүргіншілердің соқтығысу жағдайын едәуір азайтты. Сонымен қатар көлік құралдарының қиындықсыз бұрылуы осы қиылыста айналмалы қозғалыстың өткізу қабілетін арттырды. Сол жақ бұрылыстарға тыйым салу және қоғамдық көлікке бөлінген бұрылысты ұйымдастыру арқылы қиылыстардың өткізу қабілеті мен қоғамдық көліктің өткізгіштігі артты.

– Маршрут желісі бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде автобус тасымалдау қызметінің сапасы артты. Жүргізушілер арасындағы «жарыс», аялдама пункттерінде ұзақ тұру, аялдама пункттеріне тоқтамай өтуі, жүргізушілердің дөрекілігі сияқты бұзушылықтар азайды. Қоғамдық көлікті пайдаланатын тұрғындардың үлесі 50 пайыздан асты. Автобус паркі жаңарып, ескірген автобустар пайдаланудан шығарылды, 85 пайыз жаңа автобустар сатып алынды, оның 120-сы – электробус, – дейді «City Transportation Systems» ЖШС көлікті үйлестіру департаментінің директоры Мәди Сарбасов.

Сатып алынған автобустар елорданың климат жағдайына бейімделген (қос әйнек, күшейтілген жылыту және ауа баптау жүйесі), автобустардың едені төмен және ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған пандус орнатылған, бейнебақылау, диспетчерлеу, ақпараттандыру және жолақы төлеудің электронды жүйесі секілді барлық жүйемен жабдықталған. Басқа өңірлерде қатты аяз болғанда қоғамдық көліктер аязға шыдамай, қатып қалғаны белгілі. Мысалы, Қостанай қаласында кейбір автобустардың қысқы дизель отыны қатып қалып, жолға шықпаған. Ақтөбеде де қалаға іргелес аумаққа қатынайтын автобустар жүрмей қалған. Көптеген өңірде, қалада қоғамдық көлік қозғалысы шектелген. Ал елордалық автобустар қақаған аязда да қатардан шықпай, халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Бұл – астаналық қоғамдық көліктің ең бір үлкен жетістігінің бірі.


Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button