Әлеумет

Көлік картасын қалай алады?



Жақында жаңа оқу жылы басталады. Демек, қалада қоғамдық көлікте жүрушілер саны артады. Астанада мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүреді, бірақ оларда көлік картасы болуы тиіс.

«Елордада қала және қала маңындағы елді мекендерде тұратын 18 жасқа дейінгі оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациялау қажет» делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Мектеп көлік картасын екі жолмен алуға болады:

  1. Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық касса арқылы;
  2. Transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс беру арқылы.

Мектеп көлік картасын ал­ғашқы шығару құны – 1000 тг. Қайта шығару – 2000 тг. Картаның жарамдылық мерзімі – 5 жыл.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button