Білім

Көмектің көлемі қанша?



Биыл әр балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға бөлінетін материалдық көмек сомасының ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге болып белгіленді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлім етті.

«Өткен жылы біздің министрлік көпбалалы және аз қамтылған ата-аналардың талаптарын ескере отырып, мектеп қажеттілігіне қаражат аудару туралы Үкімет қаулысына өзгеріс енгізді. Оған сәйкес әр балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға бөлінетін қаражаттың ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге болып белгіленді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бөлінетін сома 17 мыңнан басталған еді» деді Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ата-­аналарға баласына мектеп формасы мен оқу құралдарын алу кезінде таңдау беріледі. «Енгізілген өзгеріс­тер ата-аналар мен балаларға мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын, әрі жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған жаңашылдық балаларға бұрынғыдай сапасыз тауарлардың берілуіне жол бермейді» дейді министрдің орынбасары.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button