Елорда тынысы

Көпбалалы аналар ой бөлісті



Бас қалада «Анаға құрмет – елге құрмет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Байқоңыр ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өткен дөңгелек үстелге әлеу­меттік салада, ғылым және журналистика саласында қызмет атқарып жүрген көпбалалы аналар шақырылды

Олардың қатарында «Ұрпаққа аманат» бірлестігінің жетекшісі, ­публицист-жазушы, орталықтың қазақ тілі оқытушысы Маржан Пірімбетова, «Құрмет» орденінің иегері, журналист Ғалия Балтабай, «Қазақстан» РТРК Радиохабар тарату дирекциясы Қазақ радиоларының редакторы Бағдагүл Шарғынова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлназ Иманғалиева, Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жобалар және объектілердің қолжетімді бөлімінің басшысы Айнұр Аубакирова қатысып, ұрпақ тәрбиесіндегі озық ойымен бөлісті. Аталмыш орталықта қызмет алушы көпбалалы аналар да белсенді қатысып, бала тәрбиесі мәселесінің өзектілігін айтып, өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Орталықтың «Зияткерлік даму» клубында өткен іс-шара сайлауалды науқанға байланысты орайластырылды. Әділетті қоғам құру жолында сайлаудың маңызы түсіндіріліп, үміткерлерді таңдау сауаттылығына қатысты мәселе талқыланды. Жаңа Қазақстан қоғамын қалыптастыруда қоғам арасында белді көпбалалы аналардың рөлін насихаттау, демографиялық әлеуетті арттыруда белсенділік танытып жүрген әйелдерге жасалатын әлеуметтік көмек мәселелерінің барысы мен саясаттағы нәзік жандылардың рөлін бағалау мәселесі де әңгіме өзегіне айналды.


Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button