Елорда тынысы

Көрнекті қайраткерге арналды



Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бердібек Сапарбаев тұлғасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында белгілі қоғам және мемлекет қайраткерінің өмірі мен қызметіне арналған екі кітап таныстырылды.

Конференцияға Премьер-министр­дің орынбасары Тамара Дүйсенова, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов, сондай-ақ басқа да ғалымдар, қызметтес серіктері мен шәкірттері қатысып, баяндама жасады.

Басқосуды ашқан Тамара Дүйсенова Бердібек Сапарбаевтың қайраткерлік және іскерлік қасиеттерін және мемлекеттік басқарудағы іргелі бастамаларын ашатын конференцияның маңызына тоқталды.

Президент Қасым-Жомарт ­Тоқаевтың құттықтауын Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов оқыды.

«Бердібек Мәшбекұлы – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Осы жылдар ішінде еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Облыстық және мемлекеттік органдарды басқара отырып, ол өзін сарабдал, белсенді және білікті басшы ретінде көрсете білді» делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария өз сөзінде Бердібек Сапарбаевтың QazVac отандық вакцинасын шығаруға үлес қосқанын айтып берді. Өзге де конференцияға қатысушылар Бердібек Сапарбаевтың еліміз бен өңірлеріміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-­мәдени дамуындағы рөліне тоқталды. Сонымен бірге конференция аясында «Ерен де берен Бердібек» және «Өнегелі өмір» сериясындағы «Бердібек Сапарбаев» атты екі кітаптың таныс­тырылымы өтіп, қайраткердің өмір жолына арналған фильм көрсетілді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button