Елорда тынысы

Көше-жол желісі нысандарын аралады



Астана қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелері кезекті отырыстың жоспарына сәйкес көше-жол желісі нысандарын аралады. Бұл «Қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту, көше-жол желісін және тұрақ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы» мәселеге дайындық бойынша ұйымдастырылды.

Соның барысында Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысы орынбасарының ақпараты тыңдалып, көше желісі нысандарындағы жұмыстардың орындалу мерзімі және қаражатпен қамтылуы туралы мәлімет айтылды. Кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Нысандарды аралау кезінде Мемлекет басшысы көтерген Астанадағы автотұрақ мәселесі де сөз болып, ол бойынша нақты қадамдар жасалып жатқаны мәлім болды. Елорда тұрғындарын алаңдатып отырған Тәуелсіздік даңғылындағы Есіл өзенімен өтетін көпірдің жыл соңына дейін берілетіні айтылды, оның нақты іске асатынына жоба жетекшісі сендірді. Қоғамдық кеңес мүшелері күні-түні тыным таппай жұмыс істеп тұрған техниканы да тізгіндеп көрді. Келесі кеңес отырысы 27 маусымда өтеді, кеңес мүшелері сол кезде қаралатын мәселелердің жұмыс барысындағы шешілу жағын бағамдап, алдағы жиында айтылар ұсыныстарын нақтылады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button