Басты ақпаратРуханият

Көшпенділер ойыны – ұлттық мерей



Биыл Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық мерейімізді ұлықтайтын, сонымен қатар мемлекеттік мәртебемізге үлкен сын да болғалы тұр. Ауқымды іс-шараға Үкімет те, Астана қаласының әкімдігі де дайындық жұмысын бастады. Елорда төріндегі барлық спорт және мәдениет кешендері байрақты бәсекеге сақадай сай болуы үшін қандай жұмыстар атқарылады?

Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов елордада құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар спорт нысандарын аралады.

Олар ең алдымен Ұлттық спорт университетіне ат басын бұрды. Бұл нысанды 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Жоғары оқу орны пайдалануға берілген соң кадрларды даярлаудан бастап, спорттағы үлкен жетістіктерге де ықпал етеді. Сонымен қатар жоғары лауазымды тұлғалар 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жүргізіліп жатқан спорт нысандарына барды. Премьер-министрдің бірінші орынбасарына спорт нысандарының инфрақұрылымын дайындау, кірме жолдарды қамтамасыз ететін негізгі магистралдарды жөндеу және іс-шаралар өткізілетін аумақтарды абаттандыру жұмыстары туралы ақпарат берілді. Бұған «Қазанат» ипподромын, оған кіреберіс жолдарды кеңейту, трибуналарды күрделі жөндеу, ат қоралар салу, көкпар алаңдары және т. б. кіреді. Сондай-ақ «Астана Арена», «Алау» және «Барыс Арена» мұз сарайларының іргелес аумақтарын кешенді абаттандыру жұмысы тексерілді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ҚР Ұлттық мұражайы, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Думан» қонақ үйі және «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешені аумағында өтеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button