ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ



Бүгін Астанада екі бірдей ірі шара өтеді. Яғни, сағат кешкі 20.00-де «Астана Арена» стадионында АСТАНА және СПАРТАК ЮРМАЛА командалары арасында футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының екінші кәсіби раунды өтеді. Сонымен бірге, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменің аясында сағат 19.30-да «Сарыарқа» велотрегінде корей эстрадасы жұлдыз­дарының қатысуымен концерт қойылады.

Осыған байланысты 18 шілдеде сағат 18.00-ден бастап Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары бойынша, Керей Жәнібек көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады. Шектеу шара аяқталғанға дейін жалғаспақ. Қала тұрғындары мен қонақтары стадионға қоғамдық көліктің 12 түрімен жете алады: № 10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 505, 506.

Сағат 18.00-ден қаланың 4 нүктесінен «Астана Арена» стадионына апаратын футбол жанкүйерлері мен концерт көрермендері үшін арнайы автобус ұйымдастырылады. Автобустар «Қазақстан» СС тұрағы, «Нұр Астана» мешіті, «Жастар» сарайы мен астаналық цирк аумағында ұйымдастырылады. Жол ақысы – 90 теңге, жол билеттері жарамсыз.

Ойындар мен концерттен кейін қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 қоғамдық көліктерімен жетуге болады. Сағат 21.00-ден бастап Қабанбай батыр даңғылы бойынша орналасқан стадионның көлік тұрағы мен «Астана Арена» Стадионы» аялдамасына арнайы автобустар ұйымдастырылмақ. «Астана Арена» стадионының тұрағына ресми қалалық такси тасымалдаушылары келеді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button