Басты ақпаратЖаңалықтар

КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ТАПСЫРДЫ



Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты сол елде тұратын ұлты қазақ ауған азаматтарына көмек көрсетуді тапсырды.

«Ауғанстандағы этникалық қазақтардың өтініштеріне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, қажет болған жағдайда тарихи отанына қайтару мәселесі бойынша барынша көмек көрсетуді тапсырды» деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ауғанстандағы этникалық қазақтар мәселесі Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігінің ерекше бақылауына алынған.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button