Ел тынысы

Конкурдан ашық қалалық турнир өтеді

7 шілдеде Астанада кедергіден аспен секіруден ашық қалалық турнир өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарыс қала күніне орайластырылған.

Ең мықты жылқылар мен шабандоздар әртүрлі биіктіктегі 7 маршрутта өз шеберліктерін көрсетеді. Жарыс сағат 10:00-де «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде басталады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 12 миллион теңге. Жарыстарда ең үздік шабандоздар анықталады. Көрермендер үшін кіру тегін.

Іс-шара елорда әкімдігінің қолдауымен өтеді және оны Астананың ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы ұйымдастырады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button