ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ҚОҒАМДЫ ЖАҢҒЫРТАДЫ



94463bc89bb8b2104ce578c5d79a5664-3-asli

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Парламент депутат­тары алдында сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылатын саяси реформалардың басты факторлары мен аспектілерін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің негізгі заңына ен­гізу ұсынылған өзгерістер жобасын әзірлеу үдерісіне арнайы тоқталып, оны тал­қылау барысында жа­рия­лылық қамтамасыз етіл­генін айтты.
– Менің Жарлығыммен әзірленген конституциялық реформалар жобасы бір ай бойы өткен бүкілхалықтық қызу талқылауға салынды.
Әр адам ұсыныс беру құқы­ғына ие болды. Бәріміз заң жобасын жаппай талқылап қана қоймай, оның сапалы болғанын көріп отырдық, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жұмыс тобы атқарған жұмыстың қорытындысына тоқталып, Конституцияның 26-бабына қатысты өз­ге­рістерді халықтың кей бө­лігінің әрқалай түсінгенін айтты.

– Жұмыс тобына Конституция бап­тарының үштен екісін және оның бар­лық бөлімін қамтитын 6 мың ұсыныс келіп түсті. Бүкіл Консти­ту­­циялық реформа қоғамы­мызды біріктіре тү­суге бағыт­­талады. Сон­дықтан мен 26-бапты бұ­рын­ғы редакцияда қалды­руды ұсынамын.
Жалпы­ұлттық талқы­лаудан өткенін ескеріп, заң жобасын Қазақ­стан хал­қының ортақ ұстанымы деп байыптауға болады. Жұрт өз сөзін айтып, сол ар­қылы мем­лекеттік биліктің жаңғыруын қолдады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы қазіргі реформалардың ерек­­шелігін атап өтіп, елді саяси жаң­ғырту­дың жекелеген кезеңдеріне назар аударды.
– Біріншіден, жаңа заң Парламенттің мемлекеттік істердегі, соның ішінде Үкіметті жасақтаудағы рөлін айтар­лықтай күшейтеді. Екіншіден, экономиканы тікелей басқару жөніндегі өкілеттіктер берілетін Үкіметтің дер­бестігі артады. Үшіншіден, құқық қорғау және сот жүйесінің конс­ти­туциялық негізі жаңғыртылады. Заң­дардың сақталуын жоғары дең­гейде бақылау, сотта мемлекет мүд­десін қорғау жайын қарастыратын проку­ратура қызметінің базалық негіздері қаланады. Төртіншіден, конститу­циялық бақылау жүйесі нығая түседі. Бесіншіден, Тәуелсіздігіміздің, біртұтас­тығымыздың, аумақтық тұтастық пен басқару нысанының өзгер­мейтініне конституциялық деңгейде берілетін кепілдік бекемдене түседі, – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы биліктің барлық тармағының жоғары кәсібилігін, олар­дың өзіне жауапкершілік алып, шешім қабылдай алатын қабілетін атап өтті.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті президенттік басқару нысанының сақта­латынын, мемлекет пен қоғамды одан әрі жаңғырту үшін саяси жағ­дайлар жасау мақсатымен жүргізіліп жатқан реформалар бағытының өзгер­мейтінін мәлімдеді.
– Жолдауда айтылған жаңа мін­дет­тер заң шығарушы және атқа­рушы ор­гандарға айрықша жауап­кер­шілік жүктейді. Парламент пен Үкімет­тің өкі­лет­тіктерін кеңейту ел экономи­касы­ның үшінші жаңғы­руының мақсат­тарына тиімдірек қол жеткізуге септігін тигізетін болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сөзінің соңында Елбасы Парламент депутаттары алдында заң жобасын белгі­ленген барлық үдерістерді сақтай отырып қарастыру жөнінде ұсыныс білдірді.
Мемлекет басшысынан кейін сөз алған Президент Әкімшілігінің басшысы – Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ә.Жақсыбеков ұсынылып отырған өзге­рістердің нақты жобасын Парламент депутаттарына таныстырды.
Сенат және Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Консти­туциясына өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» РК Заңының жо­­басын бірінші оқылымда қабылдады.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button