Мәдениет

Көшедегі көрме



Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві «Мұрағаттар сөйлейді және бас шаһар тарихы астана архивінің фотоқұжаттарында» атты көше көрмесін ұсынды.

1997 жылы 10 желтоқсанда бұрынғы Ақмола қаласы – Қазақстанның астанасы болып жарияланып, сол күннен бастап Арқа төсіндегі елорданың жаңа өмірі басталды. Осы айтулы датаға орай ұйымдастырылған көрмеге бас шаһардың көне тарихы мен жас астананың іргетасы қаланған күннен бергі бүгінгі даму жолын бейнелеген фотосуреттер қойылды. Ондағы мазмұнды фотоқұжаттардың дені жергілікті өлкетанушылар мен қалалық архив қорындағы материалдардан топтастырылған.

Әсіресе Н.Имамовтың, А.Дубицкийдің, Б.Оленевтің жеке қорынан алынған фотосуреттерді көргенде қаланың байырғы бейнесімен жақынырақ танысасыз. Бұл қадірлі дүниелердің қаншама жылдар болса да әлі де құны арта түспек. Сондай-ақ көрмеге «Елорда шежіресіне өз есіміңді жаз» атты республикалық шара аясында ел азаматтарынан келген маңызды құжаттар мен сырлы суреттер де ілінген. Оның ішінде майдан даласынан жолдаған жауынгер Қайыржан Тікшекеевтің латынша жазған хаттары да бар. Бұл жәдігерді архивке майдангердің немересі өткізіпті. Қысқасы, елордалық архив мекемесі ұйымдастырған көшедегі көрме оны тамашалаған тұрғындардың көңілінен шықты деп айтуға болады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button