Басты ақпарат

КӨШЕЛЕР ДАМЫЛСЫЗ ТАЗАЛАНАДЫ



Соңғы күндердегі күннің күрт суытуы қыстың жақындап қалғанын білдіріп тұрғандай. ұшқындаған қар еріген кезде көктайғақтан көлік түгілі жаяу жүргіншілерге де аяқ алып жүрудің өзі оңайға соқпасы анық.

 

Бас қаламызда көліктер мен жаяу жүргіншілерге көктайғақ жайсыздық тудырмас үшін көше тазалайты

 

н техникалар тас түйін дайын болып шықты.
Бұл тұрғыда Астана әкімі Әсет Исекешев фейсбук әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын көктайғақта абай болуға шақырып, көше тазалайтын қосымша техникалардың жұмылдырылатынын жариялаған.
«Құрметті Астана тұрғындары мен қала қонақтары!
Күн суытып, қар жауып, көктайғақ болуына байланысты сіздерге жолда абай болу керектігін ескертеміз. Жүру бағыттарыңыз­ды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық қалалық қызметтер, коммуналдық ұйымдар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Арнайы техника жолдарды тазартуға шығарылды, мұзды ерітетін реагенттер пайдаланылуда. Көшеде абай болыңыз­дар!» делінген қала әкімінің әлеуметтік желідегі жазбасында.
Осы орайда бас қаланың негізгі көшелерін тазалаумен айналысатын «Астана тазалық» ЖШС бас директорының санитарлық тазалау жөніндегі орынбасары Марат Сүлейменовпен хабарласып, мән-жайды білген едік. Дәл қазіргі уақытта көше тазалығына 281 жол жұмысшысы жұмылдырылса, техника бірлігі 126-ны құрайды екен. Соның 9-ы тротуар тазалайтын машиналар болса, 7-уі жүкті өздігінен түсіретін көліктер (самосвал), 5-уі фронтал тиеуіштер, 54-і сыпырып жинағыш машиналар, 9-ы құм шашқыш көліктер, 13-і сыпырып вакуумдау техникалары, 23-і суды тартып шығаруға арналған вакуумдық машиналар, 2-і кәріз тазалағыш машиналар, 1-і телеинс­пекция, енді 1-і сорғыш тракторы, 2-уі мотопомпа техникалары екен. «Астана тазалық» ЖШС-нің Есіл ауданы бойынша санитарлық тазалау жөніндегі атқарушы директоры Төлеген Оразбаевтың мәліметіне сүйенсек, мұндағы тазалықшылар күн-түн демей жұмыс істейді. Күндізгі режимнен бөлек түнгі сағат 12.00-ден таңғы 8.00-ге дейін сыпырып тазалағыш тракторлар мен құм шашқыш техникалар да көше тазалығына дамылсыз қызмет көрсетеді екен.

Нұрдәулет Кәкішев




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button