Елорда тынысы

Күй жәрмеңкесі шақырады



Соңғы жылдары Астана қаласында төл аспабымыз – домбыраны және қазақтың күй өнерін насихаттау қарқын алды. Астана қаласының Қоғамдық кеңесі мен «Күй анасы» республикалық қорының мұрындық болуымен бас қалада Дина Нұрпейісованың ескерткіші бой көтеріп, «Күйшілер аллеясы» ашылды. Ескерткіштің жанында «Күй жәрмеңкесін» өткізу дәстүрге айналды. Осыған дейін мұндай жәрмеңке алты рет ұйымдастырылды.

Ұлттық домбыра күніне орай 2 шілде күні күй анасының ескерткіші жанында сағат 17.00-де «Күй жәрмеңкесі» немесе қарапайым тілмен айтқанда, күй тарту сайысы жетінші рет өтеді. Мәдени-рухани іс-шарада қазақтың күйші-композиторларының ұлттық тәрбие бағытындағы шығармалары туралы айтылып, күйлері орындалады. Күй сайысының жеңімпаздарына үкілі домбыра мен «Күй анасы» кітабы тапсырылады.

Жалпы Астанада күй атасы Құрманғазының да ескерткіші бар. Бұл ескерткіш 2012 жылы Астана күні қарсаңында «Думан» қонақүйі алдында бой көтерді. Ал жақында ғана қаладағы №1 Өнер мектебіне шертпе күй мектебінің негізін қалаушылардың бірі Тәттімбет Қазанғапұлының аты берілді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button