Мәдениет

Мәдени жыл ­қорытындысы



Астана қаласының Мәдениет басқармасына 13 мекеме қарайды. Өткен жылы аталмыш басқарма 28325 іс-шара өткізіп, 2093943 адамды қамтыды. Жалпы 2023 жылы елорданың 25 жылдығы аясында және мемлекеттік мерекелерге орай көптеген іс-шара ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Ұлыстың ұлы күні, сонымен қатар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткен мерекелік концерттер, Отан қорғаушылар күніне арналған «Отаным – аманатым», Жеңіс күніне орай «Отанға қызмет – ұлы құрмет», «Ерлік жайлы естеліктер» іс-шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Filarmonia fest-2023» музыкалық фестивалі, ІІІ халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі, ашық аспан астында «Аялаған Астана» гала-концерті, Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра дастаны» мерекелік концерті, «Елорда әуені», «Open Air-2023», 500 дрон қатысқан дрондар шоуы, «Mereke street» жобасы, басқа да іс-шаралар өтті.

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрына жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп, өткен жылы ұзақ үзілістен соң театр қолдануға берілді. «Наз» мемлекеттік би театры және Музыкалық жас көрермен ­театрына косметикалық жөндеу жүргізілді. Қаланың 4 кітапханасы да жөнделді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button