ЖаңалықтарҚоғам

МАЙДАНГЕРЛЕР МЕРЕЙІН ӨСІРДІ



Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының филиалы соғыс және тылда еңбек еткендерді назардан тыс қалдырмай, үнемі қамқор қолын созып келеді. Жыл сайын өтетін «Ардагерлерді ардақтайық!» шарасы аясында нұротандықтар ардагерлермен кездесу, олардың пәтерлеріне барып әңгімелесу, түрлі сыйлықтар тапсыру сияқты қамқорлық шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Биыл да бұл игілікті шара қолға алынды.

3453452343

Акцияның алғашқы күні «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері соғыс ардагерлері Сүлеймен Айтқожинов, Құрманбай Айтжанов, Александр Балакин, Әубәкір Қожымұратов, Сихымбай Мамыров­тардың үйлерінде болып, жастар қариялардың ауласын тазартып, үй шаруасына жәрдемдесіп, түрлі сыйлықтар табыс етті. Жалпы, «Жас Отан» жастар қанатының 50-ге жуық жастары ардагерлер тұратын көшені, ауланы Жеңіс күні қарсаңында тазартып, қариялардың алғысын алып қайтты.Соғыс жауынгері Сихымбай Мамыров жастармен болған әңгімесінде қан майданды есіне алды. Днепрде болған кескілескен ұрыста 1943 жылы сол жақ жамбасынан жарақат алғанына қарамастан, Жеңіс үшін қасық қандары қалғанша соғысқан ардагер Сихымбай ата 1944 жылы Севастопольде бомба жарылғанда, топырақ астында көміліп қалғанын әлі күнге дейін ұмытпайды екен. Тәніне түскен жарадан емес, жанын жаралаған сол бір сұм соғысты бүгінгі ұрпақтары көрмесін деп тілейді ол.

34534234435
– Екінші дүниежүзілік соғыста ерліктің хас үлгісін көрсеткен майдангерлерді мадақтау, олардың алдында бас иіп құрметтеу – бүгінгі ұрпақтың бұлжымас парызына айналуы тиіс, – дейді «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еділ Мамытбеков. Уақыт өткен сайын сол бір сұрапыл соғыстың куәгерлері болған қаһармандардың қатары сиреп барады. Сондықтан да ардагерлерді ардақтауды бүгінгі жастар ешқашан назардан тыс қалдырмау керек. Расында да, қан майданда жаңбырдай жауған оқтың астында мұз жастанып, қар жамылып, қанын төккен аталарымыз бен тылда арып-ашып еңбек еткен қарияларымыздың алдында біз өмірбақи қарыздармыз. Өйткені бұлар – ардақты ардагерлер.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button