Басты ақпарат

МАҚСАТ – АЙҚЫН, МІНДЕТ – ЗОР



ERA_8825+

«Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппарат отырысында қалада санитарлық ережелерді қамтамасыз ету және қоғамдық тамақтану саласына қойылатын талаптар мен бөлшек сауда мәселелері талқыланды» деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Әкім тұрғындарға қызмет көрсететін мекемелер барлық санитарлық-эпидемиологиялық шарттарға сай тексеруден өтулері керек екенін ескертті.
– Кейбір мекемелерде өндіріс мәселесіне, техникалық қызметкерлердің жұмысына жіті көңіл бөлінбейді. Сондықтан, барлық тиісті қызметтер, соның ішінде Тұтынушылар құқын қорғау департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселеге жіті бақылау орнатулары қажет, – деді әкім.
Қалалық қызметтердің жұмысы туралы айта келіп, елорда басшысы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай барлық тапсырмалардың уақытында орындалуы, 2016 жыл ауқымды шараға дайындықтың қорытынды жылы екенін, сондықтан, сол уақытқа дейін барлық мақсаттар діттеген межеге жетуі керектігін атап көрсетті.
– Бүгін жоспарларымызды қайта қарап, атқарылған істер мен алда жүзеге асырылатын шаруаларды сараптау қажет. Күнен-күнге көркейіп әлем назарын аударған Астананың одан әрі дамып, өркендеуін көріп, сезінулері үшін тұрғындардың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршіліктерін жақсарту жолдарын айқындауымыз керек. Сондықтан, біздің мақсатымыз – барлық істелген жұмыстарды одан әрі жетілдіре түсу, көшелерді абаттандыру, тазалау, халыққа қызмет көрсету түрлерінің жаңа мүмкіндіктерін іздеу, өзара бәсекелестік жағдайында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту, бұл үдеріске бизнес құрылымдарды тарту, – деп қорытындылады сөзін әкім.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button