ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

Мәселені бірлесе шешеді



kbb_1758-3-asli

«Право» қоғамдық қоры мен «Уақытша тұру орталығы» ЖҚ бірлесіп, «Әйелдер мен балалардың құқығы» деген тақырыпта көш­пелі әлеуметтік бюро өткізді. Сондай-ақ, «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында №71 мектеп-лицей оқушыларының қаты­суымен флешмоб ұйымдастырылды.

Аталған қоғамдық қордың заңгері Ақнұр Исаеваның айтуынша, ұйым балалар мен әйелдерді қылмыстың барлық түрінен қорғауға күш салады. Мәселен, ол жұмыс барысында жыныстық қол сұғушылық жиі кездесетінін алға тартып отыр.
– Біздің қоғамдық ұйым кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен әйелдерге көмек көрсетеді. Бүгінгі шараның мақсаты балалар мен әйелдердің құқығына қол сұғушылықтан қорғау болып отыр. Өйткені қоғамда әлі де болса балалар мен әйелдерге әртүрлі қысым көрсететін оқиғалар кездесіп жатады. Халықпен көп кездескенде байқағанымыз, биыл аталған азаматтардың құқығына қол сұғушылық көбейіп отыр. Ал бүгінгі іс-шарамызға 24 мекеме мен ұйымдардың өкілдері қатысып, олар жә­бір көргендерге өздерінің кеңесін береді, – дейді Ақнұр Болатқызы.
Акцияға қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан бас-тап, адвокаттар алқасы прези­диумына дейінгі бас-аяғы 24 мекеме қатысып, өз кеңес­­терін берді. Негізі, қоғам­дық қордың басты ұра­ны «Сіздердің проблема­лары­ңыз бар ма? Келіңіз, бірге ше­шейік!» деп аталады.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button