ЖаңалықтарСаясат

МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫНА ӘЗІРЛІК ҚАНДАЙ?



kbb_1895-2-asli

Тиісті заңға сәйкес, 26 наурыз күні мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнын толтыру мақсатында елімізде сайлау өтеді. Осыған орай кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев пен Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қаладағы №20 сайлау округінде болып, сайлау комиссия­лары жұмысы мен сайлау учаскелерінің дайындығымен танысты.

Мәслихаттар сайлауы бір уақытта мемлеке­ті­міздің 58 сайлау окру­гінде ұйым­-дасты­рылады. Босап қал­ған орын­дарға 201 кан­ди­дат өтініш берсе, олардың 188-ін сайлау комис­сия­лары тіркеді. Тиісті талдау жүргі­зіл­генде, бір орынға үш кан­ди­дат­тан келетіні анық­тал­ды. Олар­дың жасы­ның орташа көр­сеткіші – 40 жас.
№20 сайлау округіне келсек, депутаттық мандатты ие­лену­ге 7 үміткер өтініш берген. Ке­йіннен екеуі өтініштерін қай­тарып, қорытындысында 5 адам тіркелді. Олардың біреуі «Нұр Отан» партиясының, біреуі Қазақстанның Ком­му­нис­тік халық партиясының мү­ше­­лері болса, үшеуі еш партияда жоқ.
Осында тіркелген кан­дидат­тардың арасында қырық жасқа жетпегендер де бар екен.
Сайлау комиссиялары мүше­лерімен кездескен Берік Има­шев елімізде жүргізілген консти­туциялық реформаға сай сайлау науқаны алдында тұрған мін­деттерге тоқталды. Жүздесу барысында түйткілдер де қоз­ғалмай қалған жоқ. Мәселен, сайлау науқаны кезінде комиссия мүшелері түннің бір уағына дейін және демалыс күндері де жұмыс істейді. Осы жұмыс үшін ең минималды жалақының үшке көбейткен қосындысын алады. Алайда негізгі жұмыс орнындағы жалақыны алмайды.
Астана қалалық Сайлау комис­сиясының төрағасы Игілік Жалбыров учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің саны 7 адамнан тұратынын, олар қыруар жұмыс атқаруға мәжбүр екенін айтып, олардың санын көбейту жөніндегі ұсынысын жеткізді.
«Аталған мәселелерді терең талқылау керек. Олар бюджеттің қосымша шығындары мен тиісті заңнамаға өзгерістер енгізуді қажет етеді. Бұл болашақтың жұмысы деп ойлаймын» деді Берік Имашев.
Бұдан өзге де бірнеше ұсы­ныстар айтылып, тиісті жауаптар берілді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button