ӘлеуметЖаңалықтар

Mega Silk Way



82ec6b282d1562f7d51f37d1a4e

Сауда – ойын-сауық орталы­ғы­ның ашылуына байланысты елорданың жол жүру кестесіне өзгерістер енгізіледі.

Еліміздегі ең ірі Mega Silk Way сауда орта­лығының техника­лық ашылуы 6 наурызға жоспарла­нып отыр. Айтулы нысанның ауданы 140 мың шаршы метрді құрайды.
Қоғамдық көліктің 11 бағдары осы нысан­ның жанынан өтеді. Сондай-ақ, бұл маңайда ЭКСПО қалашығы, Назарбаев университеті және басқа да көпшілік баратын нысандар бар. Жаңа орталыққа күнделікті 30 мыңдай, ал мереке және демалыс күндері 45 мыңдай келушілер болады деп болжанып отыр.
Осы жағдайға байланысты орталықтың ашылуына орай Қабанбай батыр даңғылы бойынша көлік кептелісінің жиі болуына байланысты Т.Рысқұлов көшесіне бұрылу кезінде айналуға тыйым салынды. Айналу мүмкіндігі Тұран-Қабанбай батыр айналмасында қолжетімді болады.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button