Елорда тынысы

Мектеп тапшылығы мәселесі шешіледі



Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желілердегі парақшаларында елордада қазір өзекті болып отырған мектеп тығыздығы мәселесі жақын жылдары шешілетінін хабарлады.

«Мамыр айында шамамен 8-9 мың оқушы мектеп бітірсе, бірінші сыныпқа 28-29 мың оқушы барады. Кейбір мектепте оқу орындарының тапшылығына байланысты үзіліс немесе ауысымдар кезінде дәліздерде жүрудің өзі қиындайды. Мектеп әкімшілігі қала басқармасымен бірлесіп, осы мәселелерді шешу үшін бар күшін салуда. Оқушы орындарын көбірек құру үшін мектептер мен өзге де әлеуметтік нысандарды көптеп саламыз. Қазір дайындық жұмысын жүргізіп жатырмыз, оның ішінде жер телімдері де бар» деп жазды әкім.

Оның айтуынша, елордада 2023 жылдан 2026 жылға дейін 65 мектеп салынады. Бұл 180 мыңға жуық оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Осы жұмыс мектептердің қазіргі тапшылығы мәселесін толығымен шешіп, келер жылдары тиісті мәселе туындамайды.

«Биыл 16 мың 600 орынға арналған 11 мектепті қолданысқа береміз. Оның 4-еуі қазірдің өзінде жұмыс істейді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024-2025 жылдар аралығында 90 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Олардың 15-і Есіл мен Нұра аудандарында орналасатын болады.

Қаланың барлық ауданында оқушы орнының қажеттілігін ескере отырып, оқу орындарын салып жатырмыз» деп жазды Жеңіс Қасымбек.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button