Басты ақпаратЖаңалықтар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады



Кездесу барысында Елбасы жаңа министрліктің алдына қойылған міндеттердің маңыздылығына тоқталып өтті.

20161018151335

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев жаңа технологияны қолдану арқылы өндірілетін қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі өніміне деген сұранысты қамтамасыз ету үшін отандық кәсіпорындар өз мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігіне назар аударды.

Б.Атамқұлов министрлікте жүргізіліп жатқан кешенді ұйымдастырушылық іс-шаралардың аяқталуға таяғаны жөнінде хабардар етті.

Сондай-ақ, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мемлекет басшысына азаматтық салада қолдануға жарамды өнім шығаруға мультипликативтік әсер беретін аэроғарыш саласын дамытудың, қорғаныс кешенінің өндіріс қуатын арттырудың перспективасы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

inform.kz




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button