Елорда тынысы

Мемлекеттік қызметшілер сайысы



Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Qazaqwa Quiz» интеллектуалды сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – қазақтың тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғылымы, өнері, әдеби мұраларын насихаттау, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру, сондай-ақ ана тілімізді, білім культін мамандар арасында кең насихаттау, зияткер орта қалыптастыруға үлес қосу, қызметкерлердің танымын арттыруға, ізденуге, алған ақпаратты қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге, қисынды ойлауға баулу.

Шарада министрліктер, комитеттерден, қалалық және аудандық әкімдіктер, басқармалар мен департамент өкілдерінен құралған 13 команда бақ сынасты. Ойын шарты бойынша жас жағынан, лауазым жағынан шектеу болған жоқ.

Қатысушылар мемлекет тарихы, тәуелсіз Қазақстан, қазақ тарихына, тілге, дәстүрге, ұлтқа, әдебиет, мәдениет жайлы деректер, шығармалар оқып, дайындалды.

Төрт сағатқа созылған сайыстың нәтижесінде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мамандарынан құралған «Бес бәйтерек» командасы І орынды, Астана қаласының Мәдениет басқармасына қарасты «Nomad city hall» МКҚК командасы ІІ орынды, ҚР Индус­трия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрама командасы ІІІ орынды иеленді.

Байқау қатысушылары мен жеңімпаздар Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының атынан арнайы сыйлықтармен, диплом және алғыс хаттармен марапатталды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button