Мәдениет

Мерекеге – күй-тарту



Ел мерейін асқақтатқан Республика күні қарсаңында елордалық оқушылар да қала деңгейінде атқарылып жатқан шаралардан шет қалмады. Мәселен, Астана қаласы Сары­арқа ауданына қарасты жалпы орта білім беретін мектептердің шәкірттері мереке аясында ұлттық өнерді ұлықтауға үлес қосып, өнерін паш етті.

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Күмбірлеген домбыра» тақырыбымен өткен шарада дарынды да талантты жас өнерпаздар бір мезетте күй атасы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Ғимарат ішін ерекше күйге бөлеген 100 орындаушының бұл бастамасы елімізге деген ұлағат, биылдан бастап қайта тойлана бастаған ұлық мерекеге деген құрмет деп білеміз.

Сан ғасырлық тарихы бар халқымыздың мәдени мұрасын ұлықтау арқылы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, Отанын қастерлеуге баулып келеміз. Мемлекет басшысы Қасым-
Жомарт Тоқаев әрдайым жастардың толыққанды білім алуына, рухани жетіліп, жаңа қоғамда бәсекеге қабілетті болуына айрықша мән беріп келеді. Сондықтан бүгінгі шарада Құрманғазының күйін нақышына келтіріп орындаған бұл шәкірттеріміз болашақта да «Жаңа Қазақстанның» дамуына өз үлесін қосып, ата-баба мұрасын ардақтап өтетініне сенімім мол.

Жұлдыз НАЙМАНБАЕВА,

Ә.Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің мұғалімі




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button