Елорда тынысы

МИБ орталығы мүмкіндігі



Үш жыл ішінде елордалық МИБ орталығы 500-ден астам қоғамдық тыңдау, жиналыс өткізіп, қала тұрғындарын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй мүлкін басқару мәселелерін шешуге жұмылдырды.

Азаматтық бастамалардың арқасында елорда әкімдігі ел реформаларын іске асыруда ақпараттық хабарлау, қызметтің жаңа бағыттарын құратын және т. б. қалалық жобаларды дамытуды тұрақты негізде қолдайды. Осылайша 3 жыл ішінде елордада тұрғын үйлерді басқару саласында 800-ден астам жаңа заңды тұлға құрылды, МИБ төрағалары мен басқарушы компаниялар үшін білім беру бағыттары ашылды, тұрғын үйлерге сервистік қызмет көрсетушілер бойынша мониторинг жүргізілді, жаңа жұмыс орындары құрылды.

Елордалық орталықтың құрылыс және ТКШ саласындағы коммерциялық емес ұйымдармен және басқа да заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі жобасының үлгісінде қолжетімді шеберлік сабақтары мен азаматтарды ашық қабылдау арқылы олардың құқықтық және қаржылық сауатын арттыру бөлігінде шаралар қабылдануда.

2020 жылдан бастап iQamal ­қауымдастығы МИБ орталығы жобасы арқылы 500-ден астам қоғамдық жиналыс, жиын, тыңдау және қоғамдық талқылау өткізді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button