Қоғам

«Мистер Сидр» сусынынан сақтанайық!



Қазақстанда «Мистер Сидр» деп аталатын алкогольсіз сусын уақытша сатылмайтын болды. Жақында бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті.

«Комитет мән-жайлар анықталғанға дейін жоғарыда аталған өнімді пайдаланудан бас тартуға және мұндай өнімді сатылымнан анықтаудың барлық жағдайы туралы комитетке немесе объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерге дереу хабарлауға шақырады» делінген комитеттің хабарламасында.

Бұл сусын жайлы осыған дейін Ресейдің ақпарат құралдарында жазылған да еді. Ондағы ақпарат бойынша Самара қаласында шығатын «Мистер Сидр» сусынынан Ресейде жаппай улану фактісі анықталғаны тіркелген. 33 адам қайтыс болған. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған.

Менің айтпағым, жалпы энергетикалық сусын деп сатылатын алкогольсіз ішімдіктерден сақтануымыз керек. Әсіресе жастар жағы мұндай сусындарға әуес болады. Олар оның құрамында қандай зиян­ды қоспалар бар екеніне де мән бермейді. Осының бәрі ең басты байлығымыз – денсаулыққа кері әсер ететінін білмейміз. Сондықтан өзім секілді жастарды сусындарды сақтанып ішуге шақырамын.

Адель АБДРАХМАНОВА,

Астана қаласы

BINOM мектебінің түлегі




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button