Елорда тынысы

Мың бала Астанада қыдырып жүр



Жаздың басында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен бас қаланың 25 жылдығын мерекелеу аясында «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры басталған еді. Бұл сапар өңірлердегі балаларды Астанамен таныстыру әрі жазғы демалыстарын әсерлі өткізу үшін ұйымдастырылды.  

Жоба шеңберінде аймақтардағы 1000 бала бас шаһардың көрікті жерлерін тамашалайды. Олардың қатарында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары мен түрлі сайыстардың жеңімпаздары бар. Балалар 3 күндік жолдама арқылы Астананың тарихи-мәдени нысандарын аралайды.

Осы уақытқа дейін елордаға 600-ден астам бала келді. Олар түрлі ойын-сауық бағдарламаларына қатысты. «Астана-Бәйтерек» монументі, «Нұр-Әлем» болашақ мұражайы, Тұңғыш Президентінің мұражайы, Ұлттық музей, «Атамекен: Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенін, бас қаланың жаңа мешіті сияқты астананың көрнекті нысандарын тамашалады. «Океанариумда», қаланың саябақтарында болып, Қазақстандағы ең үлкен айналма дөңгелекте отырып, қаланы зау биіктен көрді.

Балалардың саяхатын Астана қаласының әкімдігі толықтай қаржыландырған. Жатын орнымен және үш мезгіл тамақпен қамтып, қала ішінде арнайы автобуспен жүруге мүмкіндік жасады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button