Ел тынысы

«Мыңжылдық» аллеясы қалпына келтіріледі



Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жауапты мемлекеттік органдармен және құрылыс салушылармен бірлесіп «Мыңжылдық» аллеясын дамыту тұжырымдамасын талқылады.

«Мыңжылдық» саябағын қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыс жүргіземіз. Саябақ мүмкіндігінше көгалдандырылып, абаттандырылады. Ең алдымен қажетті инженерлік инфрақұрылым саламыз: сумен, жылумен, электрмен жабдықтау, кәріз желісі, нөсер және тағы басқалар. Саябақтың бойында әлеуметтік (мектептер, медициналық орталықтар, балабақшалар), мәдени және спорттық нысандардың құрылысын да қарастырамыз. Мұнда да рекреациялық аймақтар ашылады. Өзгерістер тұрғын үй кешендерінің құрылысына да әсер етеді. Арнайы бұрмалары жоқ тұрғын үй кешендерінің құрылысы инженерлік желілердің құрылысы аяқталғанға дейін басталмайды. Құрылыс компанияларына қойылатын талаптар күшейтіледі: сапалы құрылыс салумен ғана шектеліп қоймай, өз аумағын, аулаларын абаттандыруға, көгалдандыруға назар аудару қажет. Саябақтың қалпына келуі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында» деп жазды Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қала басшысы аталған шағын ауданды инженерлік желілермен қамтамасыз ету үшін А.Байтұрсынұлы көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскедегі А86 көшесінде, Қалдаяқов көшесінің А62 көшесінен А86 көшесіне дейінгі аралығында, А62 көшесінен А86 көшесіне дейінгі учаскедегі В-15 көшесінде нөсер кәрізі тазарту құрылысының, нөсер кәрізінің коллекторларының құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты. «Жылу-энергетикалық жүйені дамыту бағдарламасы аясында үлестіру пункті мен трансформаторлық қосалқы стансасын салу, 110 кВ электр қуатын бөлетін желіні  жаңарту және салу («Жұлдыз» қосалқы стансасының трансформаторларын ауыстыру және «Восточная» қосалқы стансасының 110 кВ кабельдік желісін жаңарту) және басқа да жұмыстар жүріп жатыр. Бұған дейін «Мыңжылдық» аллеясы ауданында нөсер кәрізінің магистральдық коллекторы, сумен жабдықтау, су бұру және нөсер кәрізінің желілері салынды. Желілер бойынша жұмыс жүріп жатыр» деді Астана әкімі.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button