ЖаңалықтарМәдениет

Наркескен намысты Абылай



 

nartauekel

Жастар театрында алты алаштың абызы – Әбіш Кекілбаевтың «Нартәуекел» драмасының тұсауы кесілді. Қойылым жазушының туған күні мен тәуелсіздікке тамаша тарту болды.

Спектакль ел басына күн туған шақта үш жүздің басын қосып, елдің елдігін сақтап қалған Абылай хан жайлы. Тақ деген бір қу таяқ екенін, шайқастан шайылатын кез келгенін түсінген Абылай енді бітімгерлік жолмен жүруге шешім қабылдайды. Әуелде Сабалақ, кейін ке­меңгерлігінің арқасында Абылай хан атанады. Қо­йылымда бала Абылайды театрдың жас әрі талант­ты актері – Шыңғыс Жа­қып­бай, Дана Абылайды Мем­лекеттік «Дарын» Жас­тар сыйлығының лауреаты, белгілі актер Әділ Ахметов ойнайды. Оқиға желісінде ел тағдыры жеке адамның тағдырымен сабақтасады, сонысымен де көрерменді қызықтырады.
Драманың қоюшы ре­жиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай кездес­кен қиыншылықтар жайлы баяндап берді:
– Әбіш ағаның тілі күрделі, сөзі салмақты. Күні-түні ұйық­­тамай тәптіштеп оқы­дық, жақсы шығаруға ты­рыс­тық. Бұл – елімізге, хал­қымызға, көрерменге өте керек дү­ние. Жастардың рухын көтеріп, отаншыл­дыққа тәрбиелейтін қажетті шы­ғарма, – деді ол.
Қойылым соңында Жас­тар театрының ұжымына Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтің атынан ықы­лас гүлі табысталды.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button