Ел тынысы

Норвегияда Қазақстанның саяси реформалары түсіндірілді

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Норвегияның Стортинг (Парламент) депутаты мен сыртқы істер және қорғаныс жөніндегі Тұрақты комитетінің төрайымы Ине Эриксен Сёрейдемен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елші Ине Эриксен Сёрейдеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысы, Қазақстанның саяси өміріндегі Парламенттің рөлін күшейту, сондай-ақ Астана мен Осло арасындағы қатынастардың жай-күйі мен келешегі туралы хабардар етті.

Сұхбаттастар екіжақты деңгейде де, көпжақты институттар шеңберінде де Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығының жалпы контекстінде парламенттік дипломатияны жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Ә. Тұрсынов И. Сёрейдені тараптарға қолайлы уақытта елімізге сапармен келуге шақырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button