Мәдениет

Нотр-Дам де Пари – Астанада



«Астана Опера» театры 18-19 мамырда елорда тұрғындары мен қонақтарына XX ғасырдың әйгілі хореографы Ролан Петидің Морис Жаррдың музыкасына шығарған «Париж Құдай анасының соборы» аңызға айналған балетін ұсынады.

– Мен Қазақстанға, Астанаға осынау керемет спектакльмен қайта келгеніме және «Астана Опера» балет труппасымен және оның көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратовамен тағы да жұмыс істеп жатқаныма қуаныштымын. Ол менің жақын досым, онымен бірге қызмет жасағанда өзімді жайлы сезінемін. «Париж Құдай анасының соборы» балеті қазақстандық көрерменге ұнағанына қуаныштымын, Ролан Пети де бұған қуанушы еді деп ойлаймын, – деді Луид­жи Бонино.

Бұл күндері «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі, балеті, хоры және мимансы «Құрмет» орденінің кавалері Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен өнер көрсетеді. Ал спектакльдің басты кейіпкерлерінің бейнелерін елордалық театрдың танымал әртістері таныстырады.

«Астана Операдағы» қойы­лым франциялық «Ролан Пети балеттері» қорымен бірге жүзеге асырылған, қойылым үйлестірушісі әрі жарық бойын­ша суретшісі – Жан-Мишель Дезире. Қойылым театрдың үлкен зал сахнасында көрер­менге жол тартады.


Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button