Мәдениет

Өлең оқып жарысты



Елордадағы Орталық балалар және жасөспірім кітапханасында «Kazbrands» қоғамдық қоры және «Astana Polytechnic» жоғары колледжі ұйымдастыр­ған «Поэзиялық жанды сөз» атты қалалық онлайн байқауы жеңімпаздары марапатталды.

Осыдан екі жыл бұрын басталған байқау балалар үйі тәрбиеленушілері мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған. Бірақ қатысушыларға шектеу қойылмайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы байқауға 1500-ден астам үміткер қатысты. Арасында қала мектептерінің оқушылары да көп болды. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 2022-2023 жылдарға мерейтойы сәйкес келіп тұрған ақындардың өлеңдерін оқып, ұйымдастырушыларға жолдады.

Байқауды көптеген ұйым қолдады. Оның арасында Астана қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі де болды. Жеңімпаздарға әртүрлі аталымдар бойынша жүлделер тапсырылды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button