Ел тынысы

Өңірлермен бірлескен жұмыс

Елордалық мәслихатқа Павлодар облысы мәслихаттарының депутаттары келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. 

Жұмыс сапары барысында депутаттар тәжірибе алмасты. Елорда қонақтарын iKomek Қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығының жұмысымен таныстырды, сондай-ақ «Sana» жаңа буын оқушылар сарайына барды.

Депутаттар Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын талқылап, бірлескен жобалар туралы ұсыныстар айтты.

«Ағымдағы жылдың қаңтар айында Астана мен Павлодар облысының мәслихаттары арасында инновациялық жобаларды бірлесіп іске асыруды, тәжірибе, ақпарат алмасуды, тиісті аумақтарда өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізуді және қарауды көздейтін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды», — деп жазды Ерлан Каналимов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button