Елорда тынысы

Өрт неге өршіді?



Кеше түс кезінде Астана маңындағы құрғақ шөп өртенді. Елордалықтар өрт неден өршіді деп елеңдеді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 15 гектар аумақты алды.

«19 маусымда сағат 09.12-де Астана қаласының ТЖД бөлімшелері құрғақ шөптің өртенуі туралы келіп түскен хабарламаға шықты.

Келген бойда өрт сөндірушілер Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөптің өртенуін анықтады.

Өрт сөндірушілер  15 гектар аумақтағы өртті жою жұмыстарына шұғыл кірісті. Қатты екпінді желдің және жердің батпақтығы салдарынан сондай-ақ кірме жолдардың болмауымен қиындық туғызды.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 158 адамы және Астана қаласы ТЖД техникасының 33 бірлігі, әкімдіктің 8 суару машинасы және «Астана орманы» мекемесінің 10 бірлігі жұмылдырылды.   Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің 2 МИ-17 тікұшағы тартылды» делінген хабарламада.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button