Қоғам

Өрт қаупінен абай болыңыз!



Жыл сайын жазғы кезеңде республика аумағында күрделі өрт қаупі орын алады. Бұл – қала мен бау-бақша, саяжай учаскелеріндегі аумақтарды жинау, оқушылардың демалысы, табиғатта белсенді демалуды ұнататындар үшін жылдың сүйікті уақыты, сондай-ақ егіс жұмыстары кезеңі, бірақ бұл – өрт сөндірушілер үшін «ең ыстық» кезең.

Өрттің пайда болу себептерінің статистикасын талдау көптеген жағдайда өрт адамның салғырттығынан болатынын көрсетеді. Әрине, жану, өртенуде адам факторы көрінбейді, жағдай қызған күн, әйнек және кепкен шөптің әсерінен болуы ықтимал. Бірақ өрттің негізгі себебі – отты абайсыз қолдану: сөнбеген от, құрғақ жапыраққа тасталған сіріңке, үйлер мен шаруашылық құрылыстарының жанында қоқысты жағу, балалардың тентектігі, жеке тұрғын үй секторында, табиғатта немесе демалыста өртке қарсы талаптарды бұзу, тастанды темекі тұқылдары – осының барлығы өртке әкеледі.

Өрт елді мекендердегі ғимараттарды, электр беру және байланыс желілерін, жанатын материалдар қоймаларын зақымдап, жою, сондай-ақ адамдар мен малдың өліміне алып келуі мүмкін. Осы кезеңде кәсіпорындар, ұйымдар басшылары және жеке тұрғын үй иелері ведомстволық бағынысты объектілер мен тұрғын үйлерді өрт қауіпсіз жағдайға келтіруге, іргелес аумақтарды құрғақ шөптен және жанатын қоқыстан тазартып, оларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етуге, елді мекендердің айналасындағы аумақтарды шабуға міндетті.

Жазғы кезеңде өртке жол бермеу өте оңай, ол үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жеткілікті.

Өз мүліктеріңізді оттан сақтаңыз! Өрт болған жағдайда, «101» телефонына хабарласыңыз.

А.САБИРОВ,

Астана қаласы Алматы ауданы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау

подполковнигі




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button