Басты ақпаратЖаңалықтар

ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ



Мемлекет басшысы Қ.Тоқавтың Жарлығымен Токио Олимпиадасында жүлдегер атанған спортшылар ордендермен марапатталды.

Токио-2020 ХХХII жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы, дзюдошы Елдос Бақтыбайұлы Сметов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы, ауыр атлет Чиншанло Зульфия Салахаровна ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, боксшылар Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қонқабаев, каратэшілер Дархан Асәділов пен Софья Берульцева, еркін күрес балуаны Нурислам Санаев және ауыр атлет Игорь Сон Сергеевич – «Құрмет» орденімен марапатталды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button