БілімЖаңалықтар

Оқушы жол карталарын қалай алады?



Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар офлайн оқыту, мектеп формасын алу мен баланы медициналық тексерістен өткізу мәселелеріне ғана емес, мектеп жол картасын қалай аламыз деп алаңдаулы. Карантин жағдайында жеңілдігі бар жол карталарын қалай алуға болатыны жайлы «City Transportation Systems» (CTS) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоғаммен байланыс жөніндегі қызметінің жетекшісі Науат АЗАНБАЕВА айтып берді.

Нұр-Сұлтан мен қала шетінде тегін жүру құқығы мына санаттағы азаматтарға қолжетімді:

– Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, соған теңестірілген тұлғаларға;
– жасы келіп және қызметін өткеруіне байланысты зейнет­керлікке шыққан, сондай-ақ зейнет жасына жеткен және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеу­меттік жәрдемақы алатын тұлғаларға;
– көпбалалы аналарға;
– көпбалалы отбасыларға;
– мүгедектерге;
– 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, соның ішінде ата-­анасының біреуіне (заңды өкіліне).
– Нұр-Сұлтан қаласында және астана маңындағы аудандарда тұратын 18 жасқа дейінгі балаларға CTS қызмет көрсететін мектеп картасы болған жағдайда.

 

Мектеп жол ­картасын алу үшін 7 мен 18 жастағы оқушылар ­келесі құжаттарды
көрсетуі қажет:
– ЖСН нөмірі бар туу туралы куәлік пен жеке куәлік (16 жастан асқан балаларға);
– білім беру мекемесінің анықтамасы;
– 3х4 форматтағы фотосурет;
Мектеп жол картасын шығарудың бастапқы құны 500 теңгені құрайды. Ал картаны екінші мәрте шығарған кезде оқушы қай жерде оқитынына қарамастан тек туу туралы куәлігі мен білім беру мекемесінің анықтамасын көрсетуі керек. Қайта басып шығару құны – 1000 теңге.

 

Жеңілдігі бар жол картасын алу үшін ­мынадай құжаттар ұсыну қажет:
– жеке куәлік;
– жеңілдік санатын растайтын құжат (зейнеткер куәлігінің нөмірі);
– фотосурет;
Жеңілдігі бар жол картасын шығару құны – 500 теңге. Қайта басып шығарылса 1000 теңге тұрады.

Сондай-ақ www.transcard.kz сайтының «Электронды өтінімдерді беру» бөлімінде картаға онлайн-өтінім беруге болады.

Өтінімге сәйкес, жол картасы дайын болған кезде өтінім берушінің электронды мекенжайына картаны мына мекенжайдағы орталық кассадан алып кетуге болатыны туралы хабарлама келеді: Нұр-Сұлтан қаласы, Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1. Дайын болған мектеп карталары мен жеңілдігі бар жол карталары жеке куәлігін/зейнеткер куәлігін көрсету арқылы тек кәмелетке толған тұлғаларға ғана беріледі. Сонымен қатар www.transcard.kz сайтында жол картасын үйіңізге ақылы жеткізуге тапсырыс беруге болады. Сол жерде жеткізу әдісін таңдап, мекенжайды толтырып, жеткізу қызметіне төлеуге болады.

Қазіргі таңда білім басқармасы мектептерде «City Transportation Systems» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жол карталарын қолдану арқылы тамаққа төлеу жүйесін іске қосты.

«City Transportation Systems» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мектеп жол картасы әмбебап болып табылады:
– қоғамдық көлікте жолақысын төлейсіз;
– мектептегі қауіпсіздік турникеті жүйесі арқылы өтесіз (турникет болған жағдайда);
– мектеп асханасында және буфетте тамаққа қолма-қол ақшасыз есеп айырысасыз.

Тамаққа картамен төлеген кезде жолақысының қаражаты алынбайды, себебі олар екі бөлек шотта болады:
– мектеп асханасы мен буфеттерде тамаққа төлеуге арналған шот (баланс жоба операторлары арқылы толтырылады);
– баланс және мектеп жол картасы иесінің мәліметтері.

Жобаны «G1 Software Kazakhstan» ЖШС мен «Қазғылым» ғылыми орталығы» ЖШС жүзеге асырады. Оның ішінде 38 мектепке «Қазғылым» ғылыми орталығы» ЖШС, ал тағы осынша мектепке «G1 Software Kazakhstan» ЖШС қызмет көрсетеді (мектептердің тізімі www.transcard.kz сайтындағы кестеде көрсетілген).

«City Transportation Systems» жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігінің жол картасымен мектеп ішінде төлем жасау үшін «G1 Software Kazakhstan» серіктестігі қызмет көрсететін мектептерге FeebMe қосымшасында баланың шотын толтыру қажет (банк картасының көмегімен) немесе қолма-қол (Qiwi терминалдарында немесе Қазпошта бөлімшелерінде). FeebMe қосымшасын орнату мектептер үшін тегін, жол карталары да аталған қосымшаға тегін бекітіледі. Мектеп картасын тек «G1 Software Kazakhstan» серіктестігінің қыз­меткерлері ғана бекітіп бере алады. Тамақтың ақысы FeebMe шоты арқылы төленеді, жол картасынан ақша алынбайды.

«Қазғылым» ғылыми орталығы» ЖШС қызмет көрсететін мектептерге мектеп ішінде төлем жасау үшін әлеуметтік педагогтан немесе компания өкілінен дербес шот алу керек, сондай-ақ www.balapay.kz сайтында тіркеуден өтуі тиіс. Жол ақысы үшін төлем басқа шот есебінен төленетініне назар аударған жөн.

Мектептегі қауіпсіздік турникетінен өту үшін (ол болған жағдайда) жол картасын қызмет көрсетуші компаниялар – «G1 Software Kazakhstan» және «Қазғылым» ғылыми орталығы» ЖШС бекітеді.

«Қазғылым» ғылыми орталығы» ЖШС қызмет көрсететін мектептердегі тамақтану ақысын төлеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша 8 775 007 06 20 телефон нөміріне, ал «G1 Software Kazakhstan» ЖШС қызмет көрсететін мектептер бойынша 8 747 915 07 09 телефон нөміріне хабарласа аласыздар.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button