Білім

Осындайда онлайн оқыса қалай болады?



Астана көктем түскенде қалың қардың астында. Алай-дүлей боран екі күн бойы қаланы аппақ қарға орап тастады.

Астана қаласының Білім басқармасы «17 сәуір күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11-сынып оқушылары және колледждердің 1-2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады» деп хабарлады. Қош делік. Балабақшаға сәбиді үлкендер алып барып, әкеледі, бала іште болады. Қауіпсіз. Ал университет болсын, мектеп болсын, қауіпсіздік жағы маңызды, қар күрелмей, адам жүре алмай тұрған кезде мықты коллапс немесе жол апаты пайда болады. Сосын студент сабағына кешігуі де мүмкін, жол қиындығынан немесе оқытушы кешігеді. Ал сабақ жүйедегі төмен бағаға әсер етеді. Қалған 3-4-курстың студенттері қалай жетеді оқу орнына – бұйрық шығарғанда да құзыретті органдар кішкене ойланып барып шешім қабылдаса деген ұсыныс бар.

– Негізінде, әр университет өзі шешім қабылдайды. Мысалы, бізде барлығына онлайн. Жалпы біраз университеттің онлайн системасы жүйелі реттелмеген әлі күнге дейін. Мысалы, пандемиядан кейін Zoom-дағы кәсіби пакеттен көбі бас тартты. Ал форс-мажор аяқ астынан ғой, – дейді KazGUU университеті басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан.

Елордадағы білім беру ошақтары, жоғары оқу орындары ауа райының осындай қолайсыз жағдайында оқушы, студентке оңтайлы шешімдерді жедел қабылдағаны дұрыс.

 


Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button