Басты ақпаратМәдениет

Отаншыл әндер шырқалды



Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Алтын күн» VІ балалар патриоттық әндер фестивалі өтті.

Шараның негізгі мақсаты – патриот­тық тәрбиені және тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, патриоттық ән жанрын насихаттау. Байқауға Астана қаласының этномәдени бірлестіктеріне қарасты шығармашылық ұжымдардың 6 жастан 16 жасқа дейінгі жас өнерпаздары және «Бақытты шаңырақ» қорының атынан екі бала қатысты. Ереже талабына сәйкес қатысушылар үш жас санаты бойынша алдын ала іріктелді.

Қазылар алқасының шешімімен 6-10 жас аралығында өнер көрсеткен балалар арасында «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестігінің өнерпазы Ясмина Аманжолова топ жарды. Екінші орынды «Колхети» грузин этномәдени орталығының жас әншісі Томирис Досқара иеленсе, үшінші орын «Алеф» еврей этномәдени бірлестігінің өрені Эвелина Образцоваға бұйырды.

Ал 11-13 жас аралығында өнер көрсеткен жеткіншектер арасынан Алина Бекмағамбетованың бағы жанды. 2-орынды елордалық корей этномәдени бірлестігінің жас мүшесі Регина Ли жеңіп алса, 3-орынды «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің өнерпазы София Корень иеленді.

Сондай-ақ 14-16 жас аралығындағы байқаудың жүлдесін «Бақытты шаңырақ» қорының атынан бәйгеге түскен Мөлдір Жантөре қанжығасына байласа, корей этномәдени бірлестігінің өкілі Анастасия Пак 2-орынға қол жеткізді. 3-орын «Polacy» поляк этномәдени орталығының өнерпазы Алтынай Дәулетке бұйырды.

Фестиваль жеңімпаздары мен қатысушыларына бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды. Игі дәстүрге айналған аталмыш балалар патриоттық ән байқауы жыл сайын өкізіліп келеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button