Басты ақпаратМәдениет

Отшашу мен мерекелік концерттер



Елорданың тұрғын алаптарында, қаланың орталық алаңы, «Қазақ елі» монументінің жанындағы және ЭКСПО алаңдарында жаңа жылдық ­мерекелік концерттер, демеушілердің есебінен отшашу ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары мен қонақтарына Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты шығармашылық ұжымдар мен танымал әншілердің концерттері ұсынылды. Мерекелік іс-шараларды аталмыш басқармамен қатар қала аудандарының әкімдіктері ұйымдастырды.

Атап айтқанда, «Пригородный», «Өндіріс» тұрғын алаптарында, «Көктал» саябағында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, «Наз» мемлекеттік би театры, Астаналық цирк және басқа да ұжымдар жаңа жылдық көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Отшашу қаланың екі жерінде – Ботаникалық бақ пен «Атырау» көпіріне іргелес аумақта ұйымдастырылды. Ал «Жаңа жыл түні» атты мерекелік концертіне «Інжу» тобы, Думан Усаев, Күлайым Қайырбаева, «ДиАрт» тобы, Алмас Кішкенбаев, Ғайни Жұмашева, Auka, Бейбіт Қорған, Еркеш Хасенов, Әли Оқапов, Ayree, «Кили­манджаро» тобы, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, Диана Исмаил, Маржан Арапбаева, Кенжебек Жанәбілов, Qanay, басқа да танымал әншілер қатысты.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button